АҚШ азаматы әйел зорлады деген айыппен түрмеде 28 жыл өмірін өткізген. 28 жылдан соң оны сот кінәсіз деп тапты, деп хабарлады Қазақпарат.

 

Ақталып шыққан азамат «Бұл мен ұзақ жылдар бойы армандап келген сәт»,-деген екен.

 

Басылым таратқан мәліметтерге қарағанда, Денвер қаласының (Колорадо штаты) судьясы Кларенса Мозестің мойнына 1987 жылдан бері тағылып келген айыпқа «кінәсіз» деген шешімін жария етті. Бұл айып оған ресми түрде 1988 жылы тағылды.

 

Қылмыстық әрекеттің құрбанына айналған әйел 3 күдікті туралы айтқан. Алайда, ол Мозесті түсінде көргеннен кейін кінәлай бастаған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер