Голдсмит университетінің әдебиет саласы бойынша тағайындаған сыйлыққа ирландиялық Майк Маккормек ие болды. Оның романы 223 бет болатын  бір ғана сөйлемнен тұрады.  «Solar Bones» деп аталатын кітабында ол Маркус Конвей есімді инженер туралы жазған, деп жазады ҚазАқпарат, Росбалт сайтына сілтеме жасай отырып.

 

Қазылар мүшесінің бірі профессор Блейк Мориссонның айтуынша, жазушы қарапайым адамның өмірін әдемі суреттей білген. Жазушы алған сыйлықтың көлемі 10 мың фунт стерлингті құрайды.

 

51 жастағы жазушы шығармашылықпен 20 жыл бойы айналысып келеді. Ол көлемді марапатқа ие болған Ирландияның үшінші жазушысы болып табылады. Сыйлық 2013 жылдан бері тағайындалып келеді.

 

«Қазіргі оқырмандар ақылды. Олар осындай туындыларға дайын», - деп өз пікірімен бөлісті Маккормек. 

 

Фото: inform.kz

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер