Бүгін АҚШ-та президент сайлауы өтеді. Саяси науқан нәтижесін елдегі бірқатар ірі штаттардағы дауыс беру нәтижесі шешеді, президенттіке үміткерлердің ешқайсысы ол штаттарда басымдыққа ие бола алмады.

 

Сentralasian.org-тың хабарлауынша, дауыс беруге бір күн қалғанда Демократиялық партияның үміткері Хиллари Клинтон және республикашыл Дональд Трамп сайлау нәтижесін шешетін үш аймақтағы сайлаушылардың көңілінен шығуға тырысты.

 

Қоғамдық пікір сауалнамасы бойынша, бұл штаттардағы бәсекелестік шарықтау шыңына жетті, бірақ жалпы ел бойынша Клинтон алда келеді. Республикалық партия үміткері соңғы насихат күнін Флоридада бастады, кейін Солтүстік Каролинаға аттанды. Сауалнамаға сәйкес, екі шатта да Клинтон алда келеді, бірақ ол үлкен басымдыққа жете алмады.

 

Baq.kz айтуынша, Трампқа президент болу үшін Флорида мен Солтүстік Каролинада жеңіске жету керек. Бірақ АҚШ-тың келесі президенті болу мүмкіндігі Клинтонде көбірек. Клинтон сайлау қарсаңында Пенсильвания мен Мичиганда митинг өткізеді. Трамп та сол штаттарда, сондай-ақ Нью-Гемпширдегі жиынға қатысады.

 

Сурет: Zn.ua

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер