Үндістан астанасы Нью-Делидің ауасы қалыпты деңгейден 42 есеге артық ластанды деп хабарлайды 24.kz.

Оған жергілікті тұрғындардың «Дивали» мерекесін тойлауы себеп болған. Бірер күн бұрын аталып өткен бұл мерекеде от жағуға және отшашуларды атуға рұқсат етілген. Бұл - жергілікті халықтың түсінігінде жарықтың қараңғылықты ақтың қараны жеңуі деп қалыптасқан. Дегенмен Нью-Дели тазалығын қадағалайтын комиссия өкілдерінің айтуынша, аймақтың барлық бөлігінде ластану шекті деңгейді көрсеткен.

 

Air Quality Index көрсеткіші бойынша бұл ластанудың ең қауіпті деңгейі. Сарапшылардың айтуынша, ауа құрамында улы газдардың көп болуы демікпе дертімен ауыратын адамдардың жағдайын одан сайын нашарлатуы мүмкін.

 

Сурет: epochtimes.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер