84 жасында Катардың бұрынғы әмірі шейхы Халифа бақилық болды. Бұл туралы Қазақпарат classic.newsru.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Катардың басшысы шейх Тамим бен Хамад Әл Тани елде үш күндік қаралы күн жариялады. Халифа бен Хамад Әл Тани 1972 және 1995 жылдар аралығында 20 жылдан астам мемлекет басқарды.

 

Ол Катардың 6-шы әмірі және Әл Тани әулетінің екінші өкілі болды. 1995 жылы мемлекеттік төңкеріс барысында оның баласы Хамад бен Халифа Әл Тани әкесін биліктен алып тастады.

 

2013 жылы орнынан алынып тасталған шейхтың баласы биліктен бас тартып, өз орнын өзінің баласы шейх Тамим бен Хамад Әл Таниге ұсынды. Соңғысы мемлекеттік әлі күнге дейін басқарып келеді.

 

Сурет: inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер