Ұлыбритания Францияның Кале қаласындағы босқындар лагерінде ата-анасыз жүрген 70-ке жуық баланы өз еліне қабылдады, деп хабарлайды "Хабар 24". Бұл – Корольдікке әкелінген жасөспірімдердің екінші легі. Олардың барлығы уақытша паналау орталықтарына орналастырылады. Бұған дейін Лондон, Таяу Шығыс пен Африка елдерінен 100-ге жуық баланы қабылдауға уәде еткен. Осы мақсатты қазан айының басында Британияда туған-туысы бар 14 жеткіншекті еліне кіргізген еді. Олар Лондондағы Кройдон қаласына жеткізіліп, Ішкі істер министрлігіне тіркеуден өткеннен кейін жақын туыстарына табысталған болатын.

 

 

 

Сурет: 24.kz

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер