Камерунда жолаушылар пойызы шойын жолдан шығып кетіп, апатқа ұшырады. 55 адам мерт болып, 575 жолаушы жарақат алған. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, 14 адам қираған вагондардың астында әлі жатыр. Апатқа ұшыраған құрам ел астанасы Яунде қаласынан Дуала шаһарына бағыт алған. Айта кетейік, бұған дейін Камерунда  жауған жаңбырдан дәл осы екі қаланың арасын жалғайтын жолдағы көпір опырылып, көлік қатынасы тоқтап қалған болатын. Соның салдарынан жолаушылардың дені темір жол қатынасына жүгінуге мәжбүр болды. Осыған байланысты пойыз құрамдарына қосымша 9 вагон тіркелген. Алайда, оның рельстен шығып кетуіне не себеп болғаны әзірге анықталған жоқ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер