Гонконгта 700 шақты әуе рейсі кейінге шегерілді. Бұған арнайы әкімшілік аймаққа жақындап келе жатқан «Хаима» тайфуны себеп. Дауылдан өңірде толассыз нөсер жауып, аймақты су басқан. Апатқа байланысты жергілікті мектептер уақытша жабылды. Мемлекеттік қызметтер де көрсетіліп жатқан жоқ. Гонконг қор биржасында сауда-саттық та тоқтатылған. Жергілікті билік тұрғындарға жағажайға бармауға кеңес берген.

 

Айта кетейік, бұған дейін аталған тайфун Филиппин аумағында ойран салған еді. Бейресми мәліметке сәйкес, дауыл онда 8 адамның өмірін қиған. Тағы 2 кісі із-түссіз кеткен көрінеді. Қатты жел үйлердің шатырлары мен ағаштарды тамырымен жұлып, электр желілерін үзген. Апат көлік қозғалысы мен кеме қатынасына кедергі келтіріп, ішкі әуе рейстер кейінге шегерілді. 

 

Сурет: 24.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер