Коста-Рикада жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты. Жарақат алған 16 кісінің көбі ауыр халде, деп хабарлайды Ассошиэйтэд пресс агенттігі. Қайғылы оқиға елдің солтүстігіндегі Эредия провинциясында болған. Автобусға мінген 31 адамның дені зейнеткерлер көрінеді. Олар көлікпен арнайы ұйымдастырылған экскурсияға шыққан. Белгісіз себеппен орта жолда автобус 20 метр биіктіктен құлаған. Зардап шеккендер бірден ауруханаға жеткізілді.  

 

Сурет: УРА-Информ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер