Астана  "бейбітшілік бесігі"  деген атауға әбден лайық . Оңтүстік Кореялық  суретші қыздың  ойы осындай.  Ол Экспо-2017  халықаралық көрмесі туралы естіп-білген соң,  еліміздің тарихымен танысқан. Ғаламтор арқылы   Астананың қалай бой көтергенін, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның бейбітшілікке үндеген  игі бастамалары жайлы білдім, - дейді суретші қыз.  Енді ол  еліміздің ордасын өз көзімен көріп,  бас қаламызда өз туындыларының көрмесін өткізуді армандап жүр. Сан Бок Ли суреттерін ежелгі кореялық технология бойынша бамбуктан жасалған табиғи қағазға салғанды құп көреді. Ерекше дүниелерімен танымал суретшінің  жұмыстары Кореядан басқа Франция, АҚШ-та да өткен. Оның ендігі арманы  - шығармаларын қазақстандық өнер сүйер қауымға көрсету.

 

Сан Бок Ли, суретші

Қараша айында Қазақстанда Бейбітлішік Саммиті өтеді деп естідім. Қазақстан Президентінің  әлемде бейбіт өмірді орнату идеясын ұстанып, осы мәселеге жаһандық қауымдастықтың назарын аударып жүретінін жиі естідім. Бұл тақырып маған өте жақын. Себебі мен де өз еңбектерім арқылы осы ойды жеткізуге тырысам. Мен Қазақстанда ядролық сынақтар болғанын білемін. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ядролық қарудан бас тартты. Осы жайт мені қатты таң қалдырды. Кейін менде Қазақстанға деген қызығушылық пайда болды.

 

Сурет: www.leisure.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер