АҚШ Президенті Барак Обама Ақ үйде мемлекет басшысы ретінде соңғы рет ресми кешкі ас берді, деп жазады baq.kz. Кештің басты қонағы Италияның премьер-министрі Маттео Ренц пен жұбайы Аньезе Ландин.

Барак Обама мен жұбайы Мишель Обама құрметті қонақтарға үлкен ілтипат білдіріп, Ақ үйдің табалдырығынан бастап күтіп алды. Етегі ұзын сәнді көйлек киген ханымдар ер азаматтармен бет сүйістіріп амандасты. Бұл салтанатты дастарханға Ақ үй екі ай бойы мұқият дайындалған екен.

Қонақтарға дәстүрлі америкалық ет, асқабақтан жасалған жылы салат пен сәлбен қосылған дәмді картоп берілді. Кешке шақырылған 500-ге жуық элитаның көңілін барын салып эстрада жұлдыздары көтерді.

 

 

Сурет:  Комсомольская правдаКомсомольская правда

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер