Перу астанасы Лимада аяқ киім фабрикасында шыққан өрттен 3 адам қаза тапты. Олардың барлығы- ерікті өрт сөндірушілер. Оқиға кезінде тағы бірнеше адам зардап шеккен. Сейсенбі күні кешке тұтанған жалын, сондай-ақ, елдің денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі дәрі-дәрмектер, медициналық құрал-жабдықтар және мұрағат құжаттары сақталған қойманың бір бөлігін шарпыған. Апат кезінде 3 өрт сөнідіруші құлаған шатырдың астында қалып, көз жұмған, дейді жергілікті билік өкілдері. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Алдын-ала болжамға сәйкес, оған аяқ киім өндірісінде пайдаланылатын химиялық заттардың төгілуі себеп.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер