Аргентинаның бесінші дивизионында бақ сынайтын «Линиерс» футбол клубы 30 жыл қисық алаңда ойнаған, деп жазады massaget.kz. Команданың жергілікті алаңының әуеден қарағандағы көрінісі тік төртбұрышты емес, трапецияны елестетеді.

 

Аргентина футбол федерациясы алаңның қисық орналасқанын жақында ғана аңғарған. Аңғаруына алаңның «Google Maps» арқылы түсірілген фотосы себеп болған.

- Алаң бізге ешқандай қиындық тудырған емес. Десе де жөндеу жұмыстары бір жүргізу керек екенін білетінбіз. Ал алаңның қисық салынғаны ойда-жоқта белгілі болды. Шенеуніктер алаңның қисық орналасқанын «Google Maps» арқылы анықтапты. Ал ол біздің ойымызда да болмапты, - деді клубы президенті Марсело Гомес.

 

Федерация командаға 15 желтоқсанға дейін жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырып, өз алаңындағы ойындарды өткізуге шектеу қойды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталып кетіпті. 

 

Фото:  massaget.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер