Үндістанның шығысында ауруханалардың бірінде шыққан өрттен 19 адам қаза тапты. Тағы 100-ден астам кісі зардап шекті, деп мәлімдеді жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің өкілі. Денелерін қатты күйік шалған бірнеше адам ауыр халде жатыр. Осыған байланысты дәрігерлер қаза тапқандардың саны әлі де өсуі мүмкін деп қауіптенуде. Оқиға Одиша штатының астанасында болған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, интенсивті терапия бөлімінің диализ кабинетінде тұтанған жалынға тоқ желісіндегі қысқа тұйықталу себеп. Жалын тез арада тарала бастаған екен. Мекемедегі науқастардың дені басқа ауруханаларға көшірілді. Апат орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды 2 сағаттан соң әрең ауыздықтаған екен. Өрттің шығуына мекеме қызметкерерінің салғырттығы себеп болған-болмағанын анықтау үшін полиция тергеу амалдарын бастаған.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер