Веьтнамның орталығында су тасқынынан 31 адам көз жұмды. Бұл туралы Ассошиэйтэд пресс агенттігі хабарлайды. Апатқа ел аумағына жақындап келе жатқан «Сарика» дауылы себеп. Оның салдарынан аймақта толассыз нөсер жауып, 100 мыңнан астам тұрғын үй мен егістік алқаптарын су басқан. Жергілікті биліктің болжамынша, «Сарика» елдің солтүстік жағалауына сәрсенбі күні таңертен жетуі тиіс.

 

Ал, бүгін сұрапыл дауыл Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясына соққы берді. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, ондағы желдің екпіні сағатына 162 шақырымға дейін жеткен. Апатқа байланысты Хайкоу қаласындағы әуежайда 250 шақты әуе рейсі кейінге шегерілген. Бұған қоса, Хайнань маңында кеме қозғалысы және аралмен арадағы теміржол қатынасы да уақытша тоқтатылды. Мектептер,балабақшалар мен туристік нысандар жабылды. Жергілікті билік арнайы паналау орталықтарын әзірлеп қойған. Синоптиктердің болжамынша, «Сарика» соңғы он жылда Хайнань аралында соққан ең жойқын дауыл болуы мүмкін.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер