Йеменде 72 сағаттық оқ атпау режимі жарияланды. Үш тәуліктік бітім 19-шы қазанда күшіне енуі тиіс. Оны қолдауға аймақтағы барлық қақтығысушы тараптар келісім берген. Бұл туралы БҰҰ-ның Йемен бойынша арнайы өкілі Исмаил Ульд Шейх Ахмед мәлімдеді. Ол барлық тараптардан әскери қимылдарды толықтай тоқтатып, гуманитарлық көмектің жеткізілуіне кедергі келтірмеуді талап етті. 

 

Айта кетейік, Йемендегі үкіметтік күштер мен шейіттік бүлікшілер арасындағы қанды жанжал 2 жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. БҰҰ-ның мәліметіне сәйкес, аймақтағы қақтығыстардан осы уақытқа дейін 7 мыңға жуық адам көз жұмған.  

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер