Пәкістандағы ең ірі Карачи қаласындағы шиіттік ағым өкілдерінің  мешітінде жарылыс болып, 3 адам ажал құшты. Жергілікті басылымның хабарлауынша, марқұмдардың 2-уі - әйел, біреуі - бала. Тағы оннан астамы жарақат алды. Олардың арасында 3 сәби бар. Дәрігерлер 2 жаралының халін ауыр деп бағалауда. Белгісіз лаңкес халық мешіттен сыртқа шыға бастаған кезде, жарылғыш затты іске қосқан. Қазір әлем бойынша шиіттік ағым өкілдері Ашура діни мерекесін кеңінен атап өтіп жатыр. Өкінішке орай, Ирак, Пәкістан және тұрақсыздық жайлаған тағы бірқатар елде экстремистік шабуылдар жасалып, бейбіт тұрғындар қаза табуда.

 

ШАМС-УЛ-ХАСАН ШАМСИ:

Халық қауіпсіздік шаралары мүлде сақталмағанын айтуда. Оның үстіне, электр жарығы өшіп, тастай қараңғы болған. Осыны пайдаланған қаскөйлер бір топ әйел мешіттен шыға бергенде, бомба лақтырған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер