Қытай бортында екі экипаж мүшесі бар «ШэньЧжоу-11» ғарыш кемесін ұшырды. Ол  алдағы екі тәуліктің ішінде 393 шақырым биіктіктегі «Тяньгун-2» орбиталды зертханасымен түйіседі. Ғарышкерлер орбиталды зертханада бір ай болады. Бұл Қытай тарихындағы рекордтық миссия. Экипаж орбитада медициналық, ғылыми сынақтар жасайды. 

 

Цзин ХАЙПЭН, ҒАРЫШКЕР:

Әрбір миссия, мен үшін өте жауапты. Оны орындау үшін мен барымды салып дайындалдым. Бұл саладағы тәжірибем 18 жыл, екі мәрте ғарышқа ұштым, қаншама шыңдалдым.Тәжірибем толысып, өзіме деген сенімділігім артты. Бұл миссиядағы жауапкершілікті сезініп, Отанымның сенімін ақтауға дайынмын.

 

Жалпы, Қытайдың ғарышты игерудегі жоспары  жоғары. Жоспар бойынша Қытай Айға адам қондырып, тіпті Марсқа пилотсыз кеме ұшырмақ ниетте. Ал 2017-ші жылдың сәуір айында Қытай Тяньгун-2 деп аталатын ғарыш стансасына қажетті жүктерді жеткізу үшін алғашқы қытайлық жүк кемесі «Тяньчжоу-1»-ді ұшырады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер