Қазақстан 2016-2017 жылдардағы баллистикалық зымырандардың таратылуына қарсы Гаага тәртіп кодексінің (ГТК) төрағасы ретінде 2016 жылы 10 қазанда өткен ГТК қолдау шарасына қатысты, деп жазады ҚазАқпарат.

 

Шараның басты мақсаты - халықаралық қоғамдастықтың назарын  Гаага тәртіп кодексіне аударту болды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

 

Өз сөзінде БҰҰ жанындағы ҚР тұрақты өкілі Қайрат Әбдірахманов Гаага тәртіп кодексі жаппай қырып-жою қаруын таратпаудың халықаралық механизмінің ажырамас және маңызды бөлігі екенін атап өтті.  Сондай-ақ, шараға қатысушылар Қазақстанның Гаага тәртіп кодексінің төрағасы лауазымындағы жоспарларымен және басымдықтарымен танысты.

 

Ұйымдастырушылардың бірі ретінде кездесуге Еуропалық одақтың қарусыздану және қаруды таратпау мәселелері бойынша арнайы өкілі Яцек Былича, Франция стратегиялық зерттеулер қорының бас хатшысы Александр Худайер, сонымен қатар Цинцинатти Университетінің (АҚШ) халықаралық қатынастар профессоры,  ғылым докторы, «Зымырандардың таралуын тежеу» кітабының авторы Диншо Мистри қатысты. Олар аталған саладағы мәселелер мен қауіп-қатерлер жайлы толық айтып өтті.

 

Шараға БҰҰ мүше-мемлекеттердің өкілдері, академиялық орта мен халықаралық үкіметтік емес ұйымдар қатысты. 

 

Фото: inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер