Қытай бортында екі экипаж мүшесі бар «Шэньчжоу-11» («Қасиетті кеме-11») ғарыш кемесін ұшырды, деп хабарлады ҚазАқпарат, РИА Новости агенттігіне сілтеме жасай отырып.

 

Аппарат «Чанчжэн-2F» («Ұлы сапар-2F») зымыран-тасығышының көмегімен Ганьсу провинциясындағы  «Цзюцюань» ғарыш айлағынан жергілікті сағат 7.30-да ұшырылды.

 

«Шэньчжоу-11» бортында командир Цзин Хайпэн мен оның серіктесі  Чэнь Дун бар. Цзин Хайпэн осымен үшінші мәрте, ал  Чэнь Дун алғаш рет  ғарышқа ұшып отыр.

 

«Шэньчжоу-11» ғарыш кемесі сәтті ұшырылды», - деді  «Цзюцюаньдегі» ұшуларды басқару орталығында ғарышқа ұшуларды басқарудың қытайлық бағдарламаларының басшысы Чжан Юся.

 

 

Сурет: inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер