Лондонның бизнес-қауымдастығына Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Роуд-шоудың басты мақсаты – британиялық кәсіпкерлерге Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтардың мүмкіндіктері мен басымдықтары туралы ақпарат беру және шетелдік инвесторларды тығыз қарым-қатынасқа шақыру.

 

АЛМАС АЙДАРОВ, «KAZNEX INVEST» АҚ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазір Қазақстанда 800-ден астам Ұлыбританиялық компания жұмыс істеп жатыр. Олардың басым көпшілігі заң, қаржы саласындағы консалтинг және мұнай бизнесінде жүргендер. Біз қазір оларға жергілікті жерде орнығуға жағдай жасау мүмкіндіктерін беріп жатырмыз. Бұл дегеніңіз – дайын инфрақұрылым, Қазақстандағы негізгі салықтық міндеттемелерден босату.

 

Роуд-шоуға Британиялық тараптан ірі компаниялар мен іскерлік топтардың өкілдері қатысып, өз ойларын ортаға салды. Бүгінде Ұлыбритания Қазақстандағы ірі инвесторлардың бірі. 10 жыл ішінде олар $11 млрд. астам қаржы құйды.

 

КРЕЙГ АРНОЛЬД, «WILLIAM HARE» КОМПАНИЯСЫНЫҢ САТУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ

Біз Қарашығанақ кен байыту орнын кеңейту аясында құрыш конструкцияларын жасаумен айналысамыз. Қазақстанның инвесторларға беріп жатқан үлкен мүмкіндіктеріне ризашылығымыз зор. Оларды кеңінен пайдалануға британиялық компанияларды шақырамыз.

 

Сурет: shark.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер