Таиландта король Пхумипхон Адульядеттің қазасына орай 14-ші қазан жалпыұлттық демалыс күні деп жариялады. Бұған қоса, билік өкілдері халықты бір айға барлық ойын-сауық шаралардан бас тартуға шақырып отыр.  Бұған дейін үкімет монархтің дүниеден озуына байланысты корольдік аумағында бір жылдық аза тұту жариялаған еді.

 

Айта кетейік, Таиланд королі Пхумипхон Адульядет бейсенбі күні 89 жасқа қараған шағында көз жұмды. Суыт хабарды ел халқы зор күйзеліспен қабылдады. Елді 70 жыл басқарған Адульядет - әлем бойынша тақта ең ұзақ уақыт отырған монарх. Қолында нақты билік болмағанымен, оның халық арасындағы беделі жоғары еді. Себебі, король мемлекеттің өсіп-өркендеуі үшін зор үлес қосқан. Соңғы жылдары денсаулығы сыр берген монарх жұрт алдына сирек шығатын болған.  

 

Сурет: dengi-info.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер