ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауымен Ыстамбұлда 19-шы «Опера күндері» шымылдық түрді. Ән кешіне түркітілдес 6 мемлекеттің өнерпаздары қатысты. Олар әлемнің ең үздік классикалық шығармалары мен халық әндерін орындады. Ал ыстамбұлдық талғампаз әнсүйер қауым еліміздің атынан шыққан «Астана опера» театрының солисі Айзада Капонованың өнеріне тәнті болды. Отандасымыз француз композиторы Жан Оффенбахтың «Гофман ертегілері» операсынан Олимпианың ариясын нақышына келтіре шырқап, көрерменнің қошеметіне бөленді.

 

Айзада Капонова, опера әншісі: Әр ел өзінің халық әндерін, өзінің халық операларындағы халық композиторларының әндерін ұсынды. Мен бірінші концертте Латиф Хамидидің «Бұлбұл» әнін шырқадым. Түркі тілдес елдері жоғары қарсы алады. Қазақстанды жақыннан танитын адамдар бұл біздің екінші Бибігүл деп ықылас танытуда. Соған қараған көңілдерінен шықтым, қуаныштымын әрине.

 

Сурет: РИА Новости

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер