БҰҰ-ның жаңа бас хатшысы тағайындалды. Халықаралық ұйымға кіретін барлық 193 мемлекет бірауыздан бұл қызметке Португалияның бұрынғы премьер-министрі Антониу Гутерришті лайық деп таныды. 67 жастағы Гутерриш Біріккен Ұлттар Ұйымын  қатарынан екі мерзім басқарған Оңтүстік Корея өкілі Пан Ги Мунды келер жылдың 1-ші қаңтарында алмастырады.  

Айта кетейік, Антониу Гутерриш Португалия үкіметін 1995-2002 жылдар аралығында басқарды. Соңғы он жыл бойы ол БҰҰ-ның босқындар жөніндегі жоғарғы комиссары қызметін атқарды. Гутерриш жаңа қызметте Сирия елінде бейбітшілік орнату үшін бар күш-жігерін салатынын мәлімдеді.   

 

Сурет: Twitter

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер