Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында қарулы топ полицияға оқ атты. Алдын ала мәлімет бойынша, аймақта есірткі саудасымен айналысатын қылмыстық топтың мүшелері тәртіп сақшыларымен қақтығысқан. Оқыс оқиға кезінде үш күдікті қаза тауып, бірнеше офицер жарақат алды. Атыс шаһардың саяхатшылар жиі келетін ауданында бір күн бойы жалғасқан. Осыдан кейін қала қауіпсіздігіне жауапты мемлекеттік хатшы өз еркімен қызметінен бас тартты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер