Бүлікші хуситтердің АҚШ кемелеріне атқан зымырандарына жауап ретінде Құрама штат қарулы күштері Йеменнің үш радарын жойып жіберді. Пентагонның мәлімдеуінше Қызыл теңіздегі бұл операцияға АҚШ президенті Барак Обама бұйрық берген. Айта кетейік АҚШ Йемендегі қақтығыстар басталғалы мұндағы хуситтерге қарсы алғаш рет соққы жасады. Ал жойылған радарлар Қызыл теңіздегі АҚШ кемелеріне қауіп төндірген. Сондықтан бұл қадам өзін-өзі қорғау мақсатында жасалды дейді Пентагон өкілдері. Еске сала кетейік, жексенбі күні америкалық әскери теңіз күштерінің Ю-эС-эС Мэйсон кемесіне қарсы екі зымыран атылды. Бұл зымырандар Қызыл теңіздің хуситтер бақылауындағы аумағынан ұшқан.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер