Грекия астанасы Афиныда қолдан жасалған жарылғыш зат жарылды. Оқиға шаһардың Экзархия ауданындағы кітап дүкендерінің бірінде болған. Жарылыстан жарты сағат бұрын белгісіз біреу газет редакциясына қоңырау шалып, бомба туралы ескерткен екен. Бұдан соң ол ауданды полиция қоршауға алған. Жарылыстан дүкенге зақым келді. Істің мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер