Атлант мұхитының үстінде көтерілген «Николь» тропикалық дауылы Бермуд аралдарына жақындап барады.  Желдің екпіні сағатына 210 шақырымға дейін жеткен. Дауылдың қауіптілік деңгейі 4-ші дәрежеге дейін көтерілген. Қазіргі кезде ол аралдардан шамамен 300 шақырымға жуық қашықтықта. Синоптиктер бейсенбі күні дауылдың  әлі де күшейе түседі деп  болжап отыр.

 

Айта кетейік, осы айда Кариб бассейніндегі елдер, АҚШ және Канада аумағымен жүріп өткен «Мэтью» алапат дауылы жүздеген адамның өмірін қиып, мыңдаған тұрғынның тұрмысын қиындатқан. Апат Гаитиде тырысқақ ауруының таралуына себеп болған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер