Италияда босқын мәртебесін алатын үміткерлерді ел аумағына бөлудің  жаңа жүйесі әзірленді. Енді мигранттар аймақтардағы жергілікті халықтың санына қарай белгіленбек. Яғни, бір мың адамы бар елді мекен 3 босқыннан қабылдайды. Оларға қосымша жұмыс күші мен керекті  қаражат беріледі. Осылайша Италия билігі мигранттарға лық толған қабылдау орталықтарындағы түйткілді біржола шешуді көздеп отыр. Ал Еуропа одағының келімсектерді квота бойынша бөлу жоспары аяқсыз қалды. Италиямен көршілес елдердің шекарасы жабық тұр.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер