Қазақстан БҰҰ-ның климат өзгеруі жөніндегі 22-ші конференциясына қатыса алады. Депутаттар «Париж келісімін ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.  Құжат - парникті газдың ауаға таралуын төмендетуге бағытталған. Келісімге қол қойған мемлекеттер осы салаға өз үлесін қосу үшін зиянды шығарындылар көлемін қысқартуға міндеттеледі. Бұл орайда, халықаралық қаржы ұйымдары жаңа технологияны қолдану үшін қаржылай көмек қолын созады. Бүгінге дейін келісімді 76 ел ратификациялады. Алғашқы жиын МаррАкеш қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

 

Қанат БОЗЫМБАЕВ - ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

30 шы жылға дейін баламалы энергетиканың көздерінен энергия шығаратын 10 пайыз тиесілі болады. 2050 жылға дейін 50 пайыз түгелімен баламалы энергетика көздерінен шығарылатын болады. Біз оларға нақты механизмдер жасадық. Қазірдің өзінде 48 жасыл энергетика стансалары жұмыс істеп жатыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер