Польшада ғалымдар әлемдегі ең ежелгі ағаштардың бірін аман сақтап қалуға күш салып жатыр. Хенрикув-Любаньский ауылында тамыр жайған алып өсімдікке 1300 жыл болған. Бірақ оның ғұмыры осымен аяқталуы мүмкін. Ағаштың түбінен құрғақ сабақтар тапқан ғалымдар осындай қорытындыға келді. Құрғақшылықтан басқа, оған кеміргіштер де қауіп болып тұр. Мамандар биіктігі 12 метрге жететін ағаштың айналасына саты тұрғызып, оны суару жүйесін жасап, күннің көзінен қорғайтын қалқа орнатты.

 

ЕРЗИЙ СТОЛЯРЧИК - ҒАЛЫМ:

Біз асығыстық жасамай, ағашты 2 жыл бойы зерттедік. Топырағы мен жапырағындағы әртүрлі заттарды тексердік. Тек осыдан кейін ғана қандай шаралар жасау керектігін анықтадық.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер