Үндістан Пәкістанмен шекарасында, елдің бірнеше әуежайында және туристік нысандарда қауіпсіздік шараларын күшейтті. Бұған ел аумағында содырлар шабуылдар ұйымдастыруды жоспарлап отыр деген ақпарат себеп.

 

Жергілікті бір басылымның жазуынша, Үндістанның Кашмир аймағында көршілес Пәкістан аумағынан енген 250 содыр жасырынып, билікке қарсы лаңкестік шабуыл жасамақ. Қолда бар мәліметке сәйкес, елге келген лаңкестік ұйымдардың мүшелері үнді армиясынан Пәкістандағы содырларға қарсы жүргізілген операция үшін кек алуды көздейтін көрінеді. Олардың барлығы - Кашмирдің Үндістаннан бөлінгенін қалайтындар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер