Австралияның Сидней қаласының орталығында жолаушылар паромы апатқа ұшырап, 18 адам жарақат алды. Олардың екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Рейтер. Қолда бар мәліметке сәйкес, паром Секьюлар Ки кемежайының айлағына барып соғылған екен. Куәгерлердің айтуынша, апатқа капитанның кеме жылдамдығын дер кезінде төмендете алмауы себеп. Қазіргі кезде оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер