Ауғанстанның Лашкаргах қаласында болған лаңкестік әрекеттен 20 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында полиция қызметкерлері де бар. Тәліптер қауіпсіздік күштерінің өкілдерімен қарулы қақтығысқа түсіп, қала іргесіндегі бірнеше бақылау-өткізу бекетін басып алған, деп хабарлайды  Синьхуа. «Талибан» қозғалысының содырлары Гильменд провинциясында орналасқан бұл шаһарды бұрыннан уысына түсіруге тырысуда. Өйткені бұл аймақ апиын өсіретін ірі орталықтың бірі саналады. Ал, есірткі сатудан түскен қаржының көп бөлігі лаңкестік шабуылдарды қаржыландыруға жұмсалуда.

 

 

 

Сурет: Oxu.az

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер