Қытайдың Чжэцзян провинциясында үйлердің опырылып құлауынан қаза тапқандардың саны 22 адамға жетті. Бұл туралы елдің орталық CCTV телеарнасы хабарлады. Оқиға дүйсенбі күні Вэньчжоу қаласының Лучэн ауданында болған еді. Соңғы ақпаратқа сәйкес, құтқарушылар осы уақытқа дейін апат орнынан 28 адамды алып шыққан. Олардың 22-і көз жұмды. Қазіргі кезде апат орнында негізгі іздестіру-құтқару операциясы аяқталды.  Бұған дейін ақпарат құралдары құлаған алты қабатты үйлердің кезінде заңсыз салынғаны туралы хабарлаған болатын. Қауіпсіздік мақсатында бұл ғимараттардың маңындағы тағы 6 үй құлатылды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер