АҚШ-та «Мэтью» алапат дауылының салдарынан қаза тапқандардың саны 27 адамға жетті. Бұл туралы жергілікті телеарналардың бірі хабарлап отыр. Адам шығыны Солтүстік Каролина, Флоридада және Джорджия штаттарында тіркелген. Дауылдан аймақтың 1 миллион 300 мыңға жуық тұрғыны жарықсыз қалды.

 

Айта кетейік, соңғы он жылда Атлантика аумағында соққан ең жойқын «Мэтью» дауылы өткен аптада Кариб бассейніндегі елдерде ойран салған болатын. Дүлей дауыл Гаитиде мыңнан астам адамның өмірін жалмап, тырысқақ ауруының таралуына себеп болып отыр.

 

 

 

Сурет: blick.ch

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер