Қырғызстан автокөліктерге электронды құжат беруді қолға ала бастады. Бұл көлік саудасындағы алып-сатуды және шетелден келетін өзге де темір тұлпарды бақылауда ұстауға өз септігін тигізеді. Бұл - Еуразиялық экономикалық одақтың талабы. Жинақталған мәліметтер одақтың біртұтас базасына енгізіледі.

 

Мелис Ержігітов, ҚР Мемлекеттік тіркеу қызметінің баспасөз хатшысы

Құжат автокөліктің ұрланбағанын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оның техникалық жағдайы туралы да ақпарат болады. Кейін бұл мәліметтер Еуразиялық одақ елдеріне жіберіліп отырады. Сол арқылы әр мемлекет өзіндегі көлік қозғалысын бақылап, қанша машинаның шекарадан кіріп-шыққанын қадағалай алады.

 

Дерекқор ел шекарасы арқылы өтетін көліктерді есепке алып, одақ аясындағы қылмыстық істердің алдын алуға да септігін тигізеді.

 

Тілек Оторов, ҚР Патрульдік милиция бас басқармасының баспасөз хатшысы

Жол-көлік оқиғасы болған кезде немесе автокөлікті іздеуде қиындықтарға тап боламыз. Қазір көліктерді тіркеу департаменті арқылы іздеу керек. Автокөліктің иесі туралы деректерді алып, тұрғылықты мекен-жайына келсең, қожайыны әлдеқашан көлігін сатып жіберген болып шығады.

 

Электронды автоқұжат жүйесі Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында 1 қазаннан бастап сынақ ретінде жұмыс істейді. 

 

Сурет: 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер