Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясында төрт бірдей тұрғын үй опырылып құлады. Соңғы ақпаратқа сәйкес, апаттан 4 адам қаза тапқан. Оқиға дүйсенбі күні Вэньчжоу қаласының Лучэн ауданында болған екен. Алдын-ала болжамға сәйкес, үйінді астында 20-дан астам адам қалған. Құтқарушылар осы уақытқа дейін ол жерден 9 адамды алып шығып, ауруханаға жеткізді. Алайда, дәрігерлер олардың 4-уінің өміріне араша түсе алмапты. Қазіргі кезде апат орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Операцияға бас-аяғы 700-ден астам адам мен арнайы техника тартылды. Үйлердің құлауына не себеп болғаны белгісіз. 

 

Сурет: kvartira.mirtesen.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер