Халықаралық қатынастар жөніндегі Еуразиялық кеңестің мүшелері Орталық Азия мен Еуропа елдері арасындағы қарым-қатынасты тұрақты жүргізуге және саяси байланыстарды нығайтуға әзір екендігін жеткізді. Екі жыл бұрын негізі қаланған кеңес - Еуропа және Орталық Азия елдері арасындағы байланыстарды нығайтумен айналысатын тәуелсіз сараптама орталығы. Құрамында беделді саясаткерлер, дипломаттар, ғалымдар, сарапшылар мен мәдениет қайраткелері бар.

 

БОРИС ТАДИЧ, СЕРБИЯНЫҢ ЭКС-ПРЕЗИДЕНТІ:

Бүгін біз жаһандық проблемаларды шешу жолдарын талқыладық. Орталық Азия жайлы айттық және Еуропалық кеңестің кемшіліктерін қозғадық. Орталық Азия елдері арасында саяси салмағы мен беделі орасан қазақ елінің аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін шешуде орны ерекше екендігіне сеніміміз мол.

 

Басқосуда ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстанның Орта Азия елдері арасында алғашқы болып Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке сайланғанын айта келе, ресми Астананың бұл келіссөз алаңында Орталық Азияның аймақтық мүдделерін қорғауға дайын екендігін жеткізді. Басқосудың басқа қатысушылары болса, Қазақстанның соңғы жылдары жеткен жетістіктері туралы ойларын ортаға салды.

 

БЕНИТО ФЕРРЕРО-ВАЛЬДНВАЛЕНЕР, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӨНІНДЕГІ ЕУРАЗИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАЙЫМЫ, АВСТРИЯНЫҢ БҰРЫНҒЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Қазақстанның қысқа мерзім ішінде биік белестерді бағындырғанын ерекше айтқым келеді. Әлі есімде, мен ол кезде Парижде дипломат болатынмын. Сіздердің президенттеріңіз Нұрсұлтан Назарбаев Францияға алғаш келгенде Қазақстан туралы ешкім біле бермейтін. Бірақ қазір сіздер бүкіләлемдік қауымдастықтың сенімін иеленіп, көптеген беделді ұйымдарға мүше болып отырсыздар.

 

Сурет: izvestia.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер