Йеменнің Сана қаласында мыңдаған тұрғын БҰҰ штаб-пәтерінің алдында ереуіл ұйымдастырды. Жиналған жұрт 140-тан астам адамның өмірін қиған әуе шабуылына қатысты халықаралық деңгейде тергеу жүргізуді талап етті. Өткен сенбіде Санада жергілікті ішкі істер министрінің әкесін жерлеу рәсімі өтіп жатқан ғимаратқа бомба түскен еді. БҰҰ-ның хабарлауынша, оқиға кезінде 140 адам қаза тауып, 525 кісі жарақат алған. Азаматтық соғыс басталған уақыттан бергі ең қанды шабуылды БҰҰ, Еуроодақ және АҚШ билігі қатаң сынға алды. Саналықтар бұл әуе соққысы үшін Сауд Арабиясы бастаған коалицияны айыптап отыр. Ал, ресми Эр-Рияд болса, өзіне тағылған кінәні мойындаудан бас тартқан.

 

Сурет: rus.azattyq.org

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер