Ыстамбұлда жергілікті халықтардың мәдени күндері өтті. Түркияда тұратын түрлі ұлттар мен ұлыстардың жылда басын қосатын дәстүрлі шара биыл 13-рет кең көлемде тойланды. Оған Анадолы елінің 24 провинциясы мен түбі бір түркі халықтарының мәдени орталықтары қатысты. Айтулы шараның бел ортасында Ыстамбұлдың Зейтүнбұрны ауданында тұратын қазақ диаспорасы да бар. Қандастарымыз мәдени күндер аясында көпшілікке қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын таныстыруға тырысып бақты. Әсіресе, ұлттық тағамдар мен сусындардан дәм татқан әр мейман қазақы қонақжайлықтың қасиетін сезінді. Ал ауданның орталық алаңына ілінген LED экран арқылы жиылған қауым елордамыз Астананың бүгінгі келбетін тамашалауға мүмкіндік алды.

 

ФАЗЫЛ ТОПЛУ, ЫСТАМБҰЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Қазір осында Зейтүнбұрны әкімшілігінің ұйымдастыруымен фестиваль болып жатыр. Бұл фестивальде бүкіл қазағы, өзбегі, қырығызы, түркмені болсын өз мәдениетін, әдет-ғұрыптарын танытып жатыр. Біз осында қазақтар болып, түріктердің ішінде отырғаннан кейін өз мәденитімізді, тілімізді, домбырамыз бен әнімізді танытып жатырмыз.

 

Сурет: www.mfa.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер