АҚШ президенттігіне үміткерлер Хиллари Клинтон мен Дональд Трамп арасындағы бетпе-бет теледебаттың екінші раунды өтті. Бұл жолғы кездесу Сент-Луис қаласындағы Вашингтон университетінде ұйымдастырылды. Дебат кезінде АҚШ-тың халықаралық саясаты қызу талқыға түсті. Жергілікті CNN телеарнасының хабарлауынша, соңғы теледебатта да Хиллари Клинтон жеңіске жеткен. Сауалнама нәтижелеріне сәйкес,  пікірталас аяқталған соң оны респондеттердің 57%, ал Трампті 34% қолдаған екен.  

 

Айта кетейік, АҚШ-та президенттік сайлау 8-ші қарашаға белгіленген. 19-шы қазанда қос үміткер арасында тағы бір жарыссөз өтуі тиіс.

 

Сурет: Getty Images

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер