Гаитиде «Мэтью» алапат дауылының салдарынан қаза тапқандардың саны мың адамға жетті. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлап отыр. Енді аймақта тырысқақ ауруының белең алу қаупі бар. Осы уақытқа дейін бұл дерттен бірнеше кісі көз жұмған екен. Азық-түлік, ауыз су және дәрі-дәрмек тапшылығы жағдайды одан бетер ушықтырып отыр. Жергілікті биліктің хабарлауынша, аурудың таралуына апат кезінде тасыған судың ағынды сумен араласуы себеп. Қызыл Крест ұйымы Гаитиде тырысқақтың алдын алу үшін жедел түрде $7 млн жуық қаржы бөлген.

 

Айта кетейік, соңғы он жылда Атлантика аумағында соққан ең жойқын «Мэтью» дауылы өткен аптада Кариб бассейніндегі елдердің аймағында ойран салған еді. Соңғы күндері АҚШ-тың оңтүстік-шығыс жағалауында соққан дауыл онда 18 адамның өмірін қиды. Апаттан миллионнан астам америкалық тұрғын жарықсыз қалды. Ақ үй басшысы Флорида, Джорджия және Оңтүстік Каролина штаттарында төтенше жағдай жариялады.  

 

Сурет: ВВС

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер