Ақ үй өкілдері Түркияда болған жаңа терактілерді айыптайды, деді Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Нед Прайс. Бұл туралы ҚазАқпарат Риа Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

 

«Америка Құрама Штаттары бүгін Түркияның оңтүстік-шығысындағы өткізу-бақылау бекетіне жасалған шабуылды қатаң айыптайды. Оның салдарынан көптеген адамдар мерт болды және олардың арасында бейбіт тұрғындар да бар. Біз сонымен қатар, бейсенбі күні Стамбулда, полиция бөлімшесінің алдында бомба мен мотоциклді пайдалана отырып жасалған терактіні де айыптаймыз»,-деді Прайс.

 

Ол сөзінде полиция бөлімшесіне жасалған терактіні Күрдістанның жұмысшылар партиясы өз мойнына алғандығын хабарлады. Оның сөзінше, АҚШ аталмыш топтың зорлық-зомбылық әрекеттеріне алаңдаушылық білдіреді және жарылыстың құрбаны болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтады. «Вашингтон террроризммен күресте Түркияны қолдайды,-деді Парйс.

 

Айта кетейік, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Хаккари провинциясында жол бойындағы өткізу-бақылау бекетінде болған көліктегі жарылыстан 10 әскери азамат пен 7 бейбіт тұрғын қаза болды.

 

Ал, өткен бейсенбі күні Стамбулда Ататүрк халықаралық әуежайынан жақын маңда жарылғыш зат қойылған мотоцикл жарылды. Соңғы мәліметтер бойынша осы әрекеттен 10 адам зардап шеккен.

 

Фото: inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер