Гаитиде ойран салған "Мэтью" дауылынан құрбан болғандардың саны артты. Жергілікті билік таратқан соңғы мәлімет бойынша, табиғи апаттан ажал құшқан адам саны 877-ге жеткен. Елде 3 мыңнан астам үй қирады. 50 мыңға жуық тұрғын шұғыл көмекке мұқтаж. Ал, дәрігерлер тырысқақ індеті өршіп кетуі мүмкін деп қауіптеніп отыр. Себебі желдің кесірінен елді сумен жабдықтау және кәріз жүйесіне зақым келген. Айта кеткен жөн, "Мэтью" Атлантикада соңғы 9 жылда соққан ең күшті дауыл болып отыр. Қазір ол АҚШ-қа жетіп, Флорида штатында ойран салуда.

 

 

 


Сурет: www.bbc.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер