Түркия астанасы Анкара маңында 2 жанкешті қолға түспеу үшін өздерін жарып жіберді. Бұл туралы "Рейтер" ақпарат агенттігі хабарлаған. Содырлар Анкарадан 30 шақырым жердегі Хайман ауданында көліктің көмегімен лаңкестік әрекет жасамақ болған. Бірақ жарылыс туралы мәлімет тәртіп сақшыларына ерте жетіп, жанкештілердің жоспары жүзеге аспады. Олар полицейлердің "беріліңдер" деген бұйрығы естілген бетте жарылғышты іске қосқан. Қазіргі уақытта бір экстремистің жеке басы анықталды. Құзырлы органдар олардың сыбайласын яғни үшінші күдіктіні іздестіріп жатыр.  Жергілікті ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, лаңкестер Түркияда қызметіне тыйым салынған "Күрдістан жұмысшы партиясының" мүшелері. Тәртіп сақшылары мен бейбіт тұрғындар тарапынан зардап шеккендер жоқ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер