Джамму және Кашмир штатында полиция учаскесіне қарулы шабуыл жасалып, 1 тәртіп сақшысы қаза тапты, тағы біреуі жарақат алған. Бұдан басқа, бір тұрғын зардап шекті. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, содырлар қару-жарақ алмақ болған. Соңғы кездері мұнда полиция бекеттеріне бірнеше шабуыл жасалып, 20-ға жуық автомат ұрланды. Осының алдында Үндістан премьер-министірінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Аджит Довал жүз шақты экстремист Пәкістанмен арадағы даулы Кашмир аймағындағы бақылауда тұрған аумақты кесіп өтіп, үнді аумағында лаңкестік әрекеттер ұйымдастыруды жоспарлап отыр деп хабарлаған болатын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер