2016-шы жылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантосқа берілді. Ослодағы Норвег Нобель комитетінің хабарлауынша, бұл сыйлық колумбиялық мемлекет басшысына жарты ғасырдан асқан азаматтық соғысты тоқтатуға қосқан үлесі үшін табысталатын болған.

 

Айта кеткен жөн, Колумбияның революцияшыл қарулы күштерінің көтерілісшілері 1964 жылдан бері жергілікті билікке қарсы күрес жүргізіп келді. Латын Америкасындағы ең ұзақ қақтығыс салдарынан 220 мың адам көз жұмып, тағы 6 миллион колумбиялық үйлерін тастап, босып кеткен. 26-шы қыркүйекте Колумбияның революцияшыл қарулы күштері мен ел билігі азаматтық соғысты тоқтату туралы бейбіт келісімге қол қойған еді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер