Пәкістан парламенті отбасының ар-ұжданына нұқсан келтірген жанды өлтірген адамға қолданылатын жазаны күшейтті. Жаңа заң бойынша енді осы себеппен кісі өлтірген қанды қол қылмыскер кемі 25 жылға бас бостандығынан айырылады. Бұған дейін отбасының намысын аяққа таптады деп айыпталған адамды өлтірген кісіні отбасы мүшелері кешірсе, үкімет ол адамды ешқандай жазаға тартпайтын. Енді ол кешірім өлім жазасына кесілген адамның ғана жазасын жеңілдетуге көмектесе алады. Айта кетейік, Пәкістанда жыл сайын отбасының ар-ұжданына нұқсан келтірді деген айыппен мыңдаған айел қаза табады. Мәселен осы жылдың шілде айында іс-әрекеті отбасының ар-ұжданына нұқсан келтірді деген желеумен Пәкістанда танымал модель және блогер қызды өз ағасы өлтірген.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер