БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Халықаралық ұйымның бас хатшысы қызметіне Португалияның бұрынғы премьер-министрі Антониу Гутерриштің кандидатурасын бір ауыздан мақұлдады. Енді ресми үміткерді аталған қызметке бекіту үшін БҰҰ-ның Бас ассамблеясында дауыс беру өтеді. Ұйымның жаңа бас хатшысы өз міндетіне келер жылдың 1-ші қаңтарында кірісетін болады. Бес жылдық өкілетті мерзімі аяқталып қалған қазіргі бас хатшы Пан Ги Мун да Гутерриштің кандидатурасына қолдау көрсетті.

 

Пан Ги Мун, БҰҰ-ның бас хатшысы:

Ол туған жерлерін тастап, бас сауғалауға мәжбүр болған миллиондаған адамның тағдырына аянышпен қарап, оларға көмек көрсету үшін аянбай еңбек етті. 

 

 

 

Сурет: europe.liveuamap.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер